Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда криптовалютадан 100 млн теңге заңсыз пайда тапқан азамат ұсталды

Қарағандыда криптовалюта саудасымен айналысып, жүз миллион теңгеге жуық заңсыз пайда тапқан тұрғын ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Криптоплатформада қитұрқы әрекетімен көзге түскен азаматты қаржы монторингі агенттігі анықтады.

Күдіктінің биржада криптовалютаны сатып алуға және сатуға лицензиясы болмаған. Сондықтан оның әрекеті заңсыз кәсіпкерлікке жатқызылды. Криптобиржада үш жылдан бері сауда жасаған ол бұл кәсіпке туған ұлын да араластырыпты. Себебі, егер қомақты қаражат бір адамның шотына түсе беретін болса, платформа да, банктер тарапынан да күдікке ілінеді. Сондықтан ол түскен пайданы екі адамның шотына бөліп отырған.

“Аса ірі кіріс алумен ұштасқан криптобиржа арқылы электронды цифрлық активтер айналымымен заңсыз кәсеркерлікпен айналысқан азаматқа қатысты тергеп-тексеруді тіркеді. Аталған тұлғалардың ешқайсысында айырбастау операциясын жүзеге асыруға лицензиясы болмаған”, – деді қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Талқылау