Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 миллион теңге беріледі: Жамбыл облысындағы жарылыста мерт болғандарға қандай көмек ұсынылады

Жамбыл облысындағы жарылыста мерт болғандарға қандай көмек берілетінін облыс әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AIBAT жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

Оның айтуынша, 15 миллион теңгенің 5 миллионы жергілікті, ал 10 миллионы республикалық бюджеттен бөлінбек.

Сондай-ақ осы отбасылардың банкте несиесі болса, соны да өтеу жағы қарастырылады. Қазір қаржы ұйымдарымен келіссөз жүргізіліп жатыр.

Қосымша пәтер кезегінде тұрғандары болса, оларға жәрдем беру қолға алынады.

Айта кетейік, бұған дейін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына жерлеу шығындары, бес жыл ішінде ақшалай үлес (жалақы) мөлшерінде біржолғы төлемдер төленетіні хабарланған еді.

Еске салсақ, 26 тамыз күні 19:00 шамасында Жамбыл облысындағы Байзақ ауданында әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрілер сақталатын қоймасында өрт шыққан болатын. Тілсіз жаудан соң он шақты жарылыс болды. Нәтижесінде 100-ге жуық адам зардап шекті. Оның ішінде 49 ТЖМ қызметкері бар. Соңғы мәліметтер бойынша қаза тапқандар саны 15 адамға жетті.


Қорғаныс министрлігінің жауабына қанағаттанбадық: Депутаттар Жамбыл облысындағы жарылысқа қатысты дау тудырды 


 

Талқылау