Қызылорда облысында онкологиялық орталық 1,5 миллиард теңгеге құрал-жабдықтарды жалға алып отыр
Қызылорда облыстық онкологиялық диспансер 1,5 миллиард теңгеге жуық медициналық құрал-жабдықтарды жалға алуға мәжбүр болып отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КазТаг-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы
“Тапсырыс беруші – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының “Қызылорда облыстық онкологиялық диспансері” шаруашылық жүргізу құқығындағы” ҚМҚ.
- Атауы – арнайы техниканы жалға беру бойынша қызметтер;
- Қосымша сипаттама – медициналық техниканы жалға алу;
- Жоспарланған сома 1,47 млрд теңгені құрайды”, – делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 18 маусымда басталып, 25 маусымға дейін жалғасады.
“Техникалық ерекшелікке сәйкес біз медициналық желілік электронды үдеткішті жалға алу туралы айтып отырмыз”, – делінген орталықтың хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысының полицейлері жалған медициналық құжаттарды сатып келген топты ұстағанын жаздық. Алаяқтық жасады деген күдікке ілінгендерді анықтау және оларды кейіннен ұстау прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ұйымдастырған арнайы операция барысында жүргізілген.