15 мамыр күні бүкіл Қазақстанда сирена қосылады
15 мамырда Қазақстанның барлық аймағында ескерту жүйесі тексеріледі. Сиреналар сағат 12.55-те қосылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: твойгород.com
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, тексеріс "ӨРТ-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өтеді. Республикалық штаб Абай ауданында.
"Оқу-жаттығуда мемлекеттік органдарды, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою жөніндегі іс-шараларға дайындау мәселелері қарастырылады", – деп хабарлады ведомство.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті сирена қосулы кездегі тәртіп ережелерін еске салды:
- Егер дабыл соғылғанда үйде болсаңыз: радионы немесе теледидарды қосыңыз, шұғыл хабарламаны тыңдаңыз және соған сәйкес әрекет етіңіз;
- Егер дабыл кезінде көшеде болсаңыз: көше дауыс зорайтқыштары арқылы берілетін хабарламаны тыңдаңыз және соған сәйкес әрекет етіңіз.
Министрлік тұрғындардан дүрбелеңге салынбауды сұрайды.
Айта кетейік, бұған дейін 4 наурызда Алматыда жер сілкінісі болып, сирена іске қосылып, полиция күшейтілген режимде жұмыс істеген еді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар