15 аула мен 3 тұрғын үй: Алматы облысында баспаналар су астында қалды
Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан тұрғын үйлерді су басты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ТЖМ
Төтенже жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаңбырдан кейін елді мекенде көлбеу ағыны пайда болып, 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үй су астында қалды.
"Осы сағатта ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтарда суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдайға мониторинг жалғасып жатыр", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, жұмыстарға төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысы Жаңатас қаласында су астында қалған үйлер саны 47-ге жетті. Тағы 1 әлеуметтік нысан және 400 аула аумағын су алғанын жаздық. Өңірдегі Сарысу әкімдігі су басудан кейін материалдық шығынды есептеу басталғанын мәлімдеді.
Халық елде жұмыс, үкімет 500 мыңға жұмыс істейтін адам жоқ дейді. Елде жоғары айлықты кімдер алады?