14 жыл бұрын аман қалған тастанды қызды көкшетаулық дәрігерлер күтіп-баққан
Бұған дейін Көкшетау тұрғыны сәбиінің 14 жыл бойы тірі екенін білмедім деп мәлімдеген еді. Айтуынша, оған дәрігерлер перзентханада сәбиінің тірі қалмағанын айтқан, деп хабарлайды Қазақпарат.
Еске сала кетсек, көкшетаулық әйел 14 жыл бұрын перзентханада қызының тірі қалғанын білмедім деп мәлімдеген еді.
Өңірлік коммуникация қызметінің мәліметінше, облыстық денсаулық басқармасы 1983 жылғы келіншектің босанғанын растайтын құжатты көрсетті. Құжат бойынша, әйел 2003 жылдың 9 қазанында Көкшетаудағы перзентханаға жедел-жәрдеммен жеткен.
Анасы ауруханаға жеткізілген соң құрсағындағы 5 минут ішінде 26-27 апталық салмағы 930 грамм болатын қыз бала түсіп қалған. Босану залында болған барлық дәрігерлер әлі сол жерде жұмыс істейді.
Сәби өмірге келген соң жансақтау бөліміне жатқызылып, 7 қарашаға дейін сонда болды. Кейіннен патология бөліміне ауысып, ол жерде 2004 жылдың 16 ақпанына дейін болған.
Анасы перзентханадан 2003 жылдың 11 қазанынан бастап шығып кетті. 13 қазанда оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды.
2004 жылдың 16 ақпанында 4570,0 грамм салмақ жинаған сәби 124 күннен соң Щучьедегі бөбектер үйіне ауыстырылды.
«Нәрестенің өліміне қатысты факті ешқандай медициналық құжатпен расталмаған, себебі босану процесі ауруханада медициналық қызметкерлердің қатысуымен өтті, жаңа туған сәби шыңғырып жылады, босану тарихында сәбидің өлімі туралы белгі жоқ. Жансақтау бөліміне ауыстырылғанда да медициналық қызметкерлер сәби өмірін сақтап қалу үшін аянбай еңбек етті. Одан бөлек, медициналық құжаттардың сараптамасы әйелдің жүктілік бойынша еш тіркеуге тұрмағанын, тексерілмегенін, студент болғанын және жедел жәрдем көлігін кеш шақырғанын анықтады. Жоғарыда аталған деректердің барлығы әйелдің жүктілікке жете мән бермегенін белгілі бір деңгейде айғақтайды», – деп пікір білдірді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Сәуле Қисықова.
«Қамқоршы органның 2017 жылдың 29 маусымындағы тұжырымдамасымен тастанды қыз өз анасы Толқын Бейсеноваға табысталды. Қазіргі уақытта бала толық отбасында тәрбиеленіп жатыр», – деп хабарлады Ақмола облыстық білім беру басқармасының басшысы міндетін атқарушы Валерий Гамазов.
Ақмола облыстық білім беру басқармасы сәбидің анасына іздеу жұмыстары жүргенін, алайда ол тегін ауыстырғандықтан таба алмағанын мәлімдеді. Анасы 2017 жылы табылған.
Тағы да оқыңыз:
Светлана Подобедова ана атанды
Талдықорғанда 2012 жылы мұғалімге сыйға берген пәтерді қайтарып алып жатыр
Ұят: Қазақстандықтар билет сату қызметінің жарнамасына наразылығын білдірді