Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 жылға сотталған бизнесмен Қайрат Жамалиев бостандыққа шықпақ

“Әліби ісі” бойынша 13 жылға сотталған бизнесмен Қайрат Жамалиев осы жылдың тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін.

7474

Тура екі жыл бұрын астаналық Әліби Жұмағұлов есімді жігітті аяусыз ұрды деген айыппен Жамалиев түрмеге қамалған еді. Іс материалы бойынша, Жұмағұлов ортақ таныстары Айнұр туралы сөйлесу үшін бизнесменге келген. Нәтижесінде екеуара дау жігітті ауруханадан, ал бизнесменді тергеу изоляторынан бір-ақ шығарады.

Осылайша Жамалиев 13, оған көмектескен Арман Әбілтаев 12, ал көлік жүргізушісі Анатолий Прибытков 8 жылға бас бостандықтарынан айырылған еді. Алайда бір ай бұрын бизнесменге қатысты үкім күрт өзгеріп, ол енді бірер айдан соң бостандыққа шығуы мүмкін. Яғни, бизнесмен рақымшылыққа ілінген болуы мүмкін.

Сенімді дерек көздерінің мәлімдеуінше Жамалиевтің жазасы 13-тен 6 жылға азайтылған. Және ол қатаң режимдегі колониядан жалпы колонияға ауыстырылған.

Біраз уақыт бұрын оның түрмеде уақытын қалай өткізіп жатқаны туралы жарияланған еді.

Оқи отырыңыз:

ҰБТ-ның екінші күні ата-аналар балаларына телефон арқылы емін-еркін көмектесті

Зейнеткер Астанада айына 10 мың теңгеге өмір сүруде

Оттың ортасында арпалысқан өрт сөндірушілер айына 52 мың теңге ғана алады

Қазақ ұлттық медицина университетінде оқитын шетелдік студенттер жаппай бас көтерді

Талқылау