Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

13 жасар қызының жынысын өзгертуіне рұқсат бермеген әке жарты жылға түрмеге тоғытылды

Канаданың Ванкувер қаласында жыныс ауыстыруға қатысты әкесі мен қызы арасында болған жанжалдың сот шешімін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2019 жылы пошта тасушы Роб Хогланд бітіру альбомында 12 жасар қызының ер есімімен аталғанын көреді. Әкесі үшін бұл нағыз соққы болады. Ресми тұрғыдан алып қарайтын болсақ, бәрі дұрыс. Жергілікті заң бойынша, ата-аналардың мектепте оқып жүргенде баласының қандай атпен жүретінін білуге құқы жоқ. 

Ашуланған ер адам болған жағдайды шешуге тырысады. Осылайша қызының ұл екенін айтқан ЛГБТ белсенділерінің ықпалы ергенін анықтайды. 

Сонымен қатар, қыздың өзін-өзі тануына мектеп психологымен әңгімелесу әсер еткен. Ол жасөспірімге өзін жігіт ретінде көрсетіп қана қоймай, гормондық терапияны алу үшін Өзін суицидке бейім адамдай етіп көрсету ұсынған. Одан соң оны аурухананың эндокринологиялық бөліміне жіберген. 

Әкесі ашуланып, қызының қыз болып туылғандықтан бұрынғыдай әйел есімімен атайтынын айтады. Бірақ басқаларға Хогландтың консервативті ұстанымы ұнамайды. Сөйтіп әкесін сотқа береді. 

Бұның алдында екі жыл бұрын Британдық Колумбияның апелляциялық соты ер адамды отбасылық зорлық-зомбылық  жасады деп айыптаған. Осылайша сот азаматтың қызына қатысты тек ер адамның есімін қолдануын және оны еркек деп атауын, сондай-ақ қызының жынысын өзгертуге бағытталған емінен бас тартқызу әркеттерін жасамауға міндеттеді. 

Бірақ пошташы берілмеді. Сұхбатында ол қызының депрессияға ұшырағанын және қиын да, өтпелі кезеңді бастан өткергенін ашық айтты.

“Сондықтан ол психологиялық тұрғыдан дайын емес, тіпті гендерлік ауысуға тұрақсыз. Оның ДНҚ-сы қандай жағдай болмасын өзгермейді. Мен кез-келген терапияға қарсымын", - деді Хугланд. 

Бірақ қызы 14 жасқа толғаннан кейін, ол әкесіне ұзақ уақыт бойы өзін лесбиянка ретінде сезінетінін жайып алды. Екі мұғалімге ғашық екенін және бір рет өз-өзіне қол жұмсауға тырысқанын мәлімдеді. Ол сол сәтте не күткені түсініксіз. Бірақ әкесіне қазір ауруханада емделу үшін оның келісімі қажет емес екенін жеткізгендей. Бұдан соң ол дереу гормоналды терапияға, яғни физиологиялық жыныстың өзгеруі жұмыстарына кіріспек. Онымен қоса анасы қызының гендерлік ауысуына келісімін берген. 

Нәтижесінде, сотқа наразылығын білдірген  отбасының басшысы алты айға бас бостандығынан айырылды. Үкім осы жылдың наурыз айында шығарылған.

"Мен дені сау баланың қалай құртылып бара жатқанын көріп, қол қусырып қарап отырмаймын", - дейді Роб Хугланд.

Талқылау