Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

24 сағаттық жұмыс тәртібі: Науқастар үйлеріне барудан және жақындарын көріп тұрудан бас тартқан қазақстандық дәрігерлерге алғыс білдірді

Қазақстанда коронавирустан емделіп шыққан 12 жастағы қыздың әкесі аурухана дәрігерлері мен медбикелерге жұмыла істеген еңбектері үшін алғысын айтып, жазба қалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Дәрігерлер күні бойы жұмыста қалып, отандастары үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасауда. Олардың талмай еткен еңбегі, жақындарының төзімі мен үйде күтіп отырған отбасыларына мың алғыс. Сіздерге басымды иемін", -  дейді ер азамат. 

Көптеген қазақстандық дәрігерлер үйлеріне барудан бас тартып, инфекциялық ауруханада түнейтін болыпты. Аурухана басшылығы дәрігерлер үшін, тіпті, жеке палатаны жабдықтап қойған. Мұнда аурухана қызметкерлерінің жартысынан астамы тұрып келеді екен. 

науқас

Бақыт Утағанов

"Эпидемиологиялық режимге сәйкес, біз күні-түні науқастарды бақылауымыз қажет. Оған қоса біз ауруды таратып жіберуіміз мүмкін. Бұл сақтық шараларының бірі десе де болады. Шыны керек, үстіңнен қорғаныс киімін тастамай жүру өте ыңғайсыз, бірақ біз шыдаймыз", - дейді Алматы инфекциялық ауруханасының инфекционист дәрігері Бақыт Утағанов "Казахстанская правда" басылымына берген сұқбатында. 

Сөзінше ем орталығындағы барлық 21 инфекционист дәрігер 24 сағаттық жұмыс уақытына көшіпті. 

"Дәрігер үшін келетін қауіпті болжап білу мүмкін емес. Менде өзім үшін емес, басқалары үшін қатты уайымдаймын. Ең бірінші кезекте, өзгелерге ауруды жұқтырмау деген ой. Жалпы инфекционист тек эпидемия кезінде ғана емес, басқа да уақыттары басын қатерге тігіп жүреді. Мен күндіз-түні тынбай, қиындықтарға мойымай жұмыс істеп келе жатқан ұжымда болғанымды мақтан тұтамын", - дейді дәрігер. 

Маманның айтуынша, Қазақстан билігі атқарған сақтық шараларының арқасында мемлекетіміздегі пандемия мәселесін ушықтырмай сақтап қалуға мүмкін болыпты. Оның үстіне, еліміздің Қытаймен шекаралас жатқандығын ескерсек, орындалып жатқан шаралардың маңыздылығы арта түспек. 

"Вирустың жаңа түрін ешкім ажырата алмады. Инфекцияның өлімге апаратынын айтсақ, оған бөлінген көңілдің ауқымдылығы да осыдан. Қытайдың арқасында ем шараларының клиникалық хаттамасы қалыптасты. Вирусқа қарсы терапаия да бар", - деп қосты маман. 

Сөзінше, қазір инфекциялық ауруханада жатқан науқастар психологиялық қолдауды қатты қажет етеді екен. 

"Бақылауда жатқан науқастар үшін әрбір сынаманың қорытындысына жұмсалған уақыт күдік туғызады. Ал ауруға шалдыққандар тезірек емделсек деп, тағатсыздана күтуде. Науқастардың алдағы уақытта жағдайлары оңалып, барлығы жақсы болатынына сенеміз", - дейді Бақыт Утағанов. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 293-ке жеткені айтылған еді. Жалпы алғанда 20 науқас аурудан жазылып шыққан. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр