12 жастағы жасөспірім 9 жастағы қызды бауырларының көзінше зорлаған
Ресейдегі Свердлов облысының Краснотурьинск қаласында 12 жастағы мектеп оқушысы 9 жастағы қызды екі інісі мен досының көз алдында зорлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жасөспірімдер қызды қосалқы шаруашылық ауданындағы орман алқабына алып кеткен. Содан кейін жігіттердің біреуі оны зорлаған. Құқық қорғау органдарына 23 сәуірде балалар орманға от жағып, отырыс жасау үшін келгендерін сылтауратқан. Қазіргі уақытта оқушы үй қамауында. Жасына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтыны айтылды.
Орманда ағаларының үлкені қызды жерге жатқызып, шешіндіріп және басқалардың көзінше зорлаған. Осы жағдайдан кейін қыз анасының жұмысына келіп, болған жайттың бәрін айтып берген. Зәбір көрген қызды ауруханаға апарды. Көршілер қызды сабырлы және сенімді деп сипаттап, өгей әкесімен бірге тұратынын айтты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"