Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

118 нысан бүлінген: Сапарбаев жарылыстан бүлінген үйлердің бәрі екі айда қалпына келтірілетінін мәлімдеді

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданындағы жарылыс салдарынан бүлінген үйлердің қашан қалпына келтірілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жағдайға байланысты құрылған облыстық жедел штабтың мүшелері арнайы мамандармен бірге апаттан зардап шеккен 3 елді мекендегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың ахуалын зерттеуде.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың БАҚ өкілдеріне берген мәліметі бойынша, әзірге жөндеуді қажет ететін 118 жылжымайтын мүлік анықталған. Оның 106-сы – тұрғын үй, 12-сі – коммерциялық нысан.

Жөндеуді қажет етеді делінген 106 үйдің 35-іне күрделі жөндеу тағайындалып отыр. Облыстық жедел штаб қалған 71 үйді жеңіл зақымдалды деп таныған.


Жамбыл облысында ұрылар дәмхананың жабдықтарын талан-таражға салған


"Олар да қалпына келтіріледі. Барлық жұмыстарға Үкімет тарапынан қаралатын және жергілікті бюджеттен қосымша бөлінетін қаражат жұмсалады. Өңірдегі демеушілер де қаржылай көмек көрсетеді. Бүгін бір үйдің күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Қалған үйлерде құрылысшылар ертеңнен бастап іске кіріседі. Екі айдың ішінде барлық үйлерді қалпына келтіреміз деп өзімізге міндеттеме алып отырмыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, құрылысшылар күші де жеткілікті", – деді облыс әкімі.

Айта кетсек,, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында премьер-министр Асқар Маминнің өкімімен 26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында орын алған өрт пен жарылыс салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды.

Еске сала кетсек, 26 тамыз күні кешкі сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасынан өрт шығып, жойқын жарылыс болған еді. Салдарынан 13 адам қаза тапты. 

Талқылау