AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында ұрылар дәмхананың жабдықтарын талан-таражға салған

Жамбыл облысында ұрылар жол бойында орналасқан дәмхананың жиһаздары мен басқа да қажетті заттарын талан-таражға салған. Аймақтағы дүрбелеңді пайдаланған олар азық-түлік пен бағалы заттарды қолды еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Кешеннің иелері жоғалған заттардың құнын есептеуге кірісіпті. Олардың сөздерінше, ұрлаған жиһаздар мен техниканы қайта орнына қою мүмкін емес. 

“Бұл біздің бизнестің екінші бөлігі еді. Міне, түгі қалмай бұзылыпты. Жарылыс қатты болды. Төбесі құлайын деп тұр”, – дейді облыс тұрғыны Жанна Назарбекова. 

Айта кетсек, бір күнде Таразға үш ауылдың 600-ден астам тұрғыны көшірілген. 

“Үстіміздегі бар киіммен қаша жөнелдік. Алғашында жер сілкініп жатыр екен деп ойладым. Әскери бөлімде жарылыс болады деген ой үш ұйықтасам, түсіме кірмепті”, – дейді ауыл тұрғыны Бейсен Жүзгенбаев. 

Айта кетсек, Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 100-ге жуықтағы. Апаттың себебінен 12 адам көз жұмды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр