"11 жыл азаптады": Бұрынғы әйелінің мәлімдемесінен кейін әкімге қатысты қызметтік тергеу басталды
Атыраулық Ақмарал Үмбетқалиева Мақат ауданының әкімі болып істейтін бұрынғы күйеуі Ринат Ибрагимовтың оны 11 жыл бойы ұрып-соғып, балаларын тартып алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gov.kz
Осы мәлімдемеден кейін Атырау облыстық әкімдігі Ринат Ибрагимовтың үстінен қызметтік тергеу тағайындады.
"Мақат ауданы әкімінің бұрынғы жұбайы Ақмарал Үмбетқалиева Атырау облыстық әкімдігіне бұрын арызданбағанын хабарлаймыз. Анықталған мән-жайларға байланысты қызметтік тергеу тағайындалды", – деп мәлімдеді ведомство.
Еске салсақ, бұған дейін Мақат ауданы әкімінің бұрынғы әйелі мәлімдеме жасап, Ибрагимовтың оны ұрып-соғып, тіпті “мүгедек қыламын” дегенін айтқан еді.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған