103 жастағы қария үшінші рет үйленді
Ирак тұрғыны Хаджи Мухейлиф Фархуд әл-Мансури мүмкіндігінше көп балалы болу үшін үшінші рет үйленуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ер адам қазір 15 баланың әкесі, жүздеген немеренің атасы. Ол екінші әйелі тастап кеткеннен кейін үшінші рет үйленгісі келетінін айтқан. Оның таңдауы небәрі 37 жастағы әйел болды. Салтанатты шара айдың басында өткен.
Жүз жасаған ақсақалдың ұлдарының бірі журналистерге әл-Мансури бірнеше ай бойы екінші әйелінің қайтып келуін күткенін айтты. Келмеген соң ол үшінші неке туралы шешім қабылдаған. Ол балаларынан ештеңе талап етпейтінін мойындады.
"Тек Алла Тағала жарылқап, мені жалғыз қалдырмаса екен", – дейді қарт.
Талқылау

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”

Қоқыс полигонындағы өрт алматылықтарға қаншалықты қауіпті: Мамандар экологиялық апатқа байланысты дабыл қақты
Экологист мұндай апат қандай жағдайлардың салдары екенін талдап айтып берді