Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1001 роза, 6 миллионға сағат": Блогер Дархан Жолшыбеков әйелін туған күнімен ерекше құттықтады

Отандық танымал блогер Дархан Жолшыбеков әйелін туған күнімен құттықтады. Әлеуметтік желіде Daricorn деген лақап атпен танымал Дариға Нұркеева 25 жасқа толды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Отбасылық блогерлер жақында тағы да сәбилі болатынын сүйіншілеген еді.

“Даридың туған күніне не сыйларымды білмедім. Соңғы үлгідегі телефон мен 1001 роза алдым. Одан кейін өзінің ұнатып жүрген алтын сағатын сыйлаймын. Ең қымбаты да осы болды. Құны – 6 миллион теңге”, – дейді блогер. 

Мұндай тосынсый күтпеген Дариға көзі жасына ерік берді. 

“Қолымдағы 2 миллионның сағатын тастай саламын. Бұл керек емес болып қалды”, – деп әзілдеді Дарикорн. 

“Сенсің менің барым да, бақытым да, бағым да” деп блогер жеке парақшасына видео жүктеді. 

Блогердің оқырмандары туған күн иесіне ақжарма тілектерін жаудырып жатыр. “Екі миллионның сағатын менсінбесең, сатып жіберіп, мұқтаж жандарға көмектес” десе, енді бірі “Дархандай күйеу жолықсын” деп тіледі. Дарханның блогосфера саласында жүрген достары бірауыздан қолдап: “Бастысы сыйлықтың бағасында емес, не нәрсе берсе де бағалай білетін адамда” деп барлық ер азаматтарды әйелді қуантуға шақырды. 

Еске салайық, жақында блогер ата-анасына құны 80 миллион тұратын зәулім пәтер сыйлағанын жазған болатынбыз. 

Талқылау