Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“100 жаңа есім” жобасында білікті дирижер атанған Ерлан Бақтыгерей айлықтың аздығынан аспазшы болып кетті

Өткен аптаның басында мәдениет министрі Арыстанбек Мұхаммедиұлы Қанатты сөзімен елді аузына қаратты.

Бұл туралы Еуразия арнасындағы Басты бағдарлама қызметі жазды.

Өнер мен мәдениет саласындағы ағайынның біраз әңгімесіне арқау болғаны анық. Министрдің ресми тілде айтқан сөзі мынау еді. Аудармасыз беруді құп көрдік. Дәм тұзы кетіп, мағынасы бұрмаланбасын деп.

«Считается, что голодный человек творчески успешнее. Люди приводят в пример Бетховена, Моцарта – все жили в нищете, но творили такие шедевры» – ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Министр мырза шығармашылық адамы неғұрлым шөлдеген сайын, соғырлым шабыты ашылады деген ойды меңзеген сияқты. Бірақ бұл сөзді тура қабылдауға басқа себеп болуы мүмкін ғой. Мысалы министрдің өзін 30-40 мың тг жалақыға отырғызу керек, шабыты шарықтайды деушілер табылды.

Мәдениет саласына жасалатын мемлекеттің қамқорлығы, одан қалды жұрт ықыласының шоу бизнеске көбірек ауып кетуі сияты сан түрлі себептер бар. Біле білсек мәдениет қызметкерлерінің жалақысына күн көру мүмкін емес. Осы туралы айтылған ойлардың қарынның да ашқанын, қадірдің де қашқанын бағамдауға болатын сияқты.

«Повар емеспін. Бірақ поварлыққа үйреніп алдық та. Вообще музыкантпын» – Ерлан.

Музыкант болғанда да қандай дерсіз. 300 ден аса күйдің партитурасын жазып, түркі тілдес халықтардың шығармаларын қазақша сөйлетіп, нотаға түсіргені және бар. Ол ол ма. 20 жылдан аса ұлт аспаптар оркестрлерінде тізгін ұстады. 2 жыл болды, Дирижердің таяқшасынан көрі қолына пышақты көп алады. Жеке кәсібін ашқан. Асхана және наубайхана. Көнкөрістің қамы. 7 баланы жеткізу оңай емес.

«Поварлықты оқып жүрген кезде мен өзімнің группалас балаларға жас балалар ғой, соларға айтқан жоқпын мысалы мен дирижермін деп. Бірақ кейіннен бір қыз мен туралы интернеттен көріп қалып, паш еткізіп бәріне. Бәрі таң қалды. Қалай сіз сондай биікте жүріп осында келдіңіз бе деп» – музыкант Ерлан Бақытгерей.

Музыканы тастамаса да, қазіргі негізгі кәсібі аспаздық. Айтпақшы жұбайы Меруеш ханым Моңғолияда халық әртісі дәрежесіне дейін жеткен өнерпаз. 7 құрсақ көтерген ана қазір ісмерлік, қолонөрлікті қолға алып, кәсіпке айналдырмақшы екен. Тіпті қызын былғары өңдеу саласына оқуға беріпті де. Дегенмен бұл отбасы үшін музыканың орны ерек.

Ерлан таяуда ғана 100 жаңа есім жобасында білікті дирижер ретінде топ жарып тізімге ілінген. Кезінде өзі туған Жамбыл облысының басшылығы енді қолқа салып шақырып отырғанын айтады.
«Мені ол жерде дирижер ретінде, кәсіпкер ретінде көрсетті.

Оның өзі жеткілікті ғой. Мойымау керек ешқашан. Кейбір адамдар басқа бір нелерге түсіп кетеді. Бірақ менің қасымдағы жолдасым көмектесті. Семьям, бала шағам» – музыкант Ерлан Бақытгерей.

Кезінде Нұрғиса Тілендиев сияқты арыстардан тәлім терген өнерпаздың дирижерліктен аспазға ауысу қарынның ашқаны емес, қадірдің қашқаны деп түйдік біз.

Кей тұста өнердің бағаланбауы. Өнер иесін өзекке тебу. Бүгінгі мәдениет саласында жата жастана жұмыс істеп жатқандардың көбісінің сары уайымы осы. Мемлекет тарапынан қамқорлық жоқ.

«Көбінесе мәдениет қызметкерлері энтузиазммен жұмыс істеп жатыр. Бұлардың толық материалды жыртығын жамайтындай жағдайдағы жалақының дәрежесі жоқ.

Апта басында мәдениет саласының жетістіктерін биік мінберден жеткізбекке Арыстанбек Мұхамедиұлы келді. Депутаттардың алдына. Бірақ басқа басқа, мәдениеттің мұңын шағуда қалаулыларға қазан қайнатарлық кіш бітетіні қуантады осындайда» – ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан.

«Айталық Абай атамызды. Атайық. Мына біздің Алаш қайраткерлері де, кешегі Ыбырай аталарымыз, үлкен шығармашылық адамдары ғой» керемет әлем деңгдейіндегідей туындылар жасады, соларды мен аш жатып жазды дегенге мен сенбеймін» – ақын Серікзат Дүйсенғазин.

 

Талқылау