Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"100 шақты ән шығарып келдім": Бостандыққа шыққан Мұрат Әбділда алғаш рет сұхбат берді

Ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыпталған Мұрат Әбділда бостандыққа шығып, қолдау білдірген ағайынға алғыс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесі абақтыдан шығып, туған ауылына барды. Одан кейін Turkistan TV арнасына сұхбат берді.

“Құрметті, ағайын! Мен бостандыққа шықтым. Маған қолдау білдірген барлық жандарға алғыс білдіремін. Екі жылда көп дүние өзгеріпті. Ауылым да өзгерген. Орталарыңызға оралдым. Еліміз тыныш болсын! Жол бойы далаға көз тастап келдім. Туған үйге жететін жер жоқ екен?! Мен өз арқамда шыққам жоқ. Қаншама рет түзету мекемесінің есігін тоздырған адамдардың арқасында бостандықтың таңын көрдім. Абақтыда отырып 100 шақты ән шығарып келдім. Өмірімді түгелімен шығармашылыққа арнаймын”, – деп ағынан жарылды әнші. 



Еске салайық, сот абақтыдағы белгілі қазақстандық блогер Мұрат Әбділданың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны айыппұлға ауыстыру туралы арызын қанағаттандырмаған еді. 

Бұған дейін, 2022 жылы желіде блогер Мұрат Әбділда әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздырғаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған еді. 

Талқылау