Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"100 миллион кредит шығарып беремін": Жұрт Дариға Бадықова жарнамасын жасаған заңгерге алданып қалды

Жарнама жасап, бірнеше адамның алдануына себепкер болған Дариға Бадықованың басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dariga_badykova/

Өнер иесі арест шешіп, несие алуға көмектесетін заңгерді халыққа таныстырған. Алайда заңгер Нұрсұлтан Орынбековке “актрисаның айтқан заңгеріне алданып қалдық” деп жұрт хабарласқан. 

“Ақнұрға алданбаңыздар! Дариға Бадықова жарнама жасаған Ақнұр есімді ару “Даму” арқылы қара тізімде тұрғаныңа қарамай, табыс көзін растамай 100 миллион кредит шығарып беремін деп уәде беріп бірнеше адамның 500 мың теңгеден шапкасын алып қайтармай жүр екен. “Қарашадан бері құр уәдеге тойып шаршадық” деген бір топ азаматтар маған дабыл қағуымды сұрады. Өзгелер де алданбасын, алданғандар болса, топпен арызданайық дейді. Мәселе мәмілемен шешілер деп Ақнұрдың өзіне де жаздым. “Дәлелім бар” деп еді әне-міне деп байланысқа шықпай қойды. Кім жарнама жасаса да қазіргі заманда 10 ойланып, 10 толғанып шешім қабылдау керек”, – деп жазды Нұрсұлтан заңгер. 



Желі қолданушылары киножұлдыздың жарнамасына сеніп, ақша салғандарын растап, жазып жатыр 

“Мейіржанның оқиғасы сабақ болмаған”, “Дариғаны сотқа шақырту керек”, “Қараша айынан бері салған ақшамызды қайтармай, созып жүр. 10 қыз болып, үстінен арыз жаздық”, “Дариғаға бәрібір емес пе, жарнамасына түсіп берді”, “Тым жақсы актрисаның артына кір келтірдің-ау”, “Жұлдыздар шетінен алаяқ болып бара жатыр”, – деп күйінеді көпшілік. 

Еске салайық, кейбір қазақстандықтардың несиесі есептен шығарылатынын жазған едік. 

 

Талқылау