10 мың долларға жасатқан: Алматы әуежайында шетелдіктер жалған паспортпен ұсталды
Шетелдіктер Қазақстан арқылы өту үшін 10 мың долларға жалған паспорт сатып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"6 сәуірде Алматы қаласының әуежайында паспорттық бақылаудан өту кезінде жалған құжаттар ұсынған Орталық Азия елдерінің 4 азаматы ұсталды", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Жүктерін тексеру кезінде олардың шын паспорттары табылды.
Алдын ала дерек бойынша олар жалған құжаттарды Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өту үшін сатып алған. Бір жалған төлқұжаттың құны 10 мың АҚШ долларға бағаланған.
Жалған құжаттар тәркіленді. Оларды елден депортациялау мәселесі шешіліп жатыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі