10 қаңтарда өткен парламенттік сайлаудың қорытындысы жарияланды
Орталық сайлау комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров 10 қаңтарда өткен ҚР Парламентінің мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауының қорытындысын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жарияланған ақпаратқа сүйенсек, сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізіміне 11 919 241 азамат енгізілді. Барлығы 7 539 280 бюллетель берілген.

Осылайша, "Nur Otan", "Ақ жол", "Қазақстан халық партиясы" Парламент мәжілісіне жолдама алды. "Сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес, партиялар арасында депутататтық мандат былай бөлінді: "Nur Otan" - 76, "Ақ жол" - 12, "Қазақстан халық партиясы" - 10.
Жалпы, мәжіліс 107 депутаттан құралған. Қалған тоғыз депутатты Қазақстан халықтар Ассемблеясы Кеңесінде сайлаған болатын.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар