Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“10 есе қымбаттаған”: Атырау облысының тұрғындары газ бағасына шағымданды

Атырау облысы Кудряшово ауылының тұрғындары газ бағасының қатты өскеніне наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ауыл тұрғындары газ бағасының 10 есеге өскенін алға тартты.

"18 500 теңгеге түбіртек келді. Көршілер тіпті  53 мың төледі. Тағы бір адам 32 мың шот келгенін айтты. Бізге бөліп төлеңіздер деді. Бірақ мен ештеңе төлемеймін", – дейді ауыл тұрғыны Алена Никитина.

Тұрғындармен кездесуге газ мекемесінің өкілдері келді. Олар қазіргі жағдайдың барлығы есептегіш құралдарының дұрыс көрсетпеуінен болғанын айтты. Олардың сөзінше, мұндай мәселе тек Кудряшовода ғана емес, басқа ауылдарда да туындаған. 

“Есептегіш құралдар дұрыс көрсеткіш бермеген.  Қазіргі уақытта бақылаушыға ескерту түріндегі тәртіптік шара қолданылды", – дейді Құрманғазы ауданындағы "RCCU-Atyrau" ЖШС қызметкері Тілекші Ибатулла.

Алайда тұрғындар мәселелеріне ешкімнің құлақ аспағанын алға тартты.

"Әр тұрғын газ қосу үшін жеке келісім-шартқа отырды.Тұрғындарға кімнәі қандай шарттарды орындауы керектігін түсіндірдім. Келісімге келмесе, мәселе сот арқылы шешіледі. Бұл мәселе шешілгенше біздің қадағалауымызда болады", – дейді Құрманғазы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Шынболат Шынтемірұлы.

Талқылау