10-11-сынып оқушыларына бір уақытта мектепте де, колледжде де білім алуына болады
1 қыркүйектен бастап Қазақстанда 10-11 сынып оқушылары бір мезетте мектепте де, коледжде де оқи алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен бұл пилоттық жоба ретінде қосылады. Мұндай қос деңгейлік білім беруді экс-министр Асхат Аймағамбетов енгізген.
Түске дейін мектепте сабақ оқып жүрген оқушы түс қайта кәсіби білім беретін арнайы оқу орнында білім алуына құқылы. Оқушы мамандықты да өзі таңдайды. Бұл бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.
Экспериментті білім беру алдағы екі оқу жылында тәжірибе ретінде қосылады. Қазір әр өңірден тек екі кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарымен келісім жасалды. Олар 16 мамандық бойынша жұмысшы мамандарды дайындайды. Колледждерде қосымша білім алатын бала саны 15-тен аспауы керек. Жұмысшы мамандығын алған әрбір шәкірт кәсіптік-техникалық оқыту ұйымының дипломын алып шығады.
Алматыдағы танымал демалыс орнында адамдар нәжіс аралас бассейнге түскен: Мұның денсаулыққа қандай қаупі бар?
Желі қолданушысы мұндай жағдайда бассейн жұмысын уақытша тоқтатып, санитарлық өңдеу жүргізілуі керек деп есептейтінін жеткізді
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"