1 желтоқсаннан бастап қазақстандықтар үшін Ресейге кіру ережесі өзгереді
Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі отандастарға төлқұжаттық бақылаудың жаңа ережелерін ескеру керегін айтты. Енді қазақстандықтар Ресейге Мәскеуге кірерде биометриялық сәйкестендіруден өтуі керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
1 желтоқсаннан бастап Қазақстан азаматтары Мәскеуге және Орынбор облысына келген соң биометриялық сәйкестендіруден өтуге міндетті болады.
Яғни, биыл 1 желтоқсаннан бастап Ресейде шетелдіктерден биометриялық деректерді жинаудың экспериментті кезеңі басталады. Басқа мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қосымша тексеруден өтуі керек. Мәскеу әуежайларында және Орынбор облысындағы автомобиль өткізу пунктерінде азаматтар бет-әлпетінің суреті мен саусақ іздерін қалдыру қажет.
Десе де бұл жаңашылдықтың алты жасқа толмаған балаларға және дипломатиялық миссияның өкілдеріне еш қатысы жоқ.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды