AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 шілдеде шекті бағалардың мерзімі аяқталады: Бензиннің бағасы өсе ме?

Қазақстанда 6 қаңтардан бастап 180 күнге мұнай өнімдерінің шекті бағасы енгізілді. Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов жанар-жағармайдың шекті бағасы алдағы уақытта өсе ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

1 шілдеде шекті бағалардың мерзімі аяқталады. Энергетика вице-министрі Асхат Хасеновтың айтуынша, қолға алынған шаралардың нәтижесінде ішкі нарық толығымен қамтамасыз етілді. Барлық зауыт жұмыс істеп тұр.

"Шілде айынан бастап жаңа бағалар болады деп айта алмаймын. Жұмыс атқарылып жатыр. Алдымен шекті бағалар мерзімін ұзарту мәселесі қарастырылады. Мәселен, А-92 маркалы бензинді бөлек қарастырып жатырмыз. Себебі халық оны көп алады. Біз есеп-қисап жүргізіп, АИ-92 бойынша мерзімді ұзартатын шығармыз", –  деді вице-министр. 

Оның сөзіне қарағанда, осы саланың барлық қатысушысымен талқылау өткізу керек. Бәрі бір келісімке келгеннен кейін шешім қабылданады.



Қазақстанда 1 шілдеге дейін енгізілген жанар-жағармайдың шекті бағалары:

  • Аи-80 маркалы бензин – 89 теңге;
  • Аи-92 мен Аи-93 маркалы бензин – 182 теңге;
  • Аи-95 маркалы бензин – 215 теңге.

Дизельді отын (жазғы және маусымаралық):

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары – 260 теңге;

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар мен Түркістан облыстары – 230 теңге.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр