"1 сағатта билеттің 30 пайызы сатылған": Димаш Құдайберген Астанада жеке концертін өткізеді
ҚР Халық әртісі Димаш Құдайберген қыркүйек айында Астана қаласында жеке концертін береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

22 шілде күні билеттер сатылымға шықты.
“Ел аман, жұрт тынышта өздеріңізбен тез арада қауышуды жазсын. Баршаңызды жақсы көремін, баршаңызды сағындым", – дейді Димаш Құдайберген видеомәлімдемеде.
Айта кетейік, Stranger атты шоудың билеттері сатылымға шыққан күні-ақ жаппай сатылып кеткен. Бір сағат ішінде билеттердің 30 пайыздан астамын жанкүйерлері алып үлгерген.
"Құрметті достар! Ticketon.kz билет операторының сайтында Stranger атты жеке концертімнің сатылымы басталды. Демеушілер Small, Spar желілері", – деп жазды әнші.
Еске салайық, Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындаған еді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен