Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1 күн уақыт береміз": Жазира Байырбекова жалған ақпарат таратқандарды сотқа бермек

Танымал әнші Жазира Байырбекова өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа тартатынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova/

Әлеуметтік желіде әншінің “өлімі” жайлы ақпарат желдей ескен. 

“Менің суретімді қойып, "Жазира былай деді" деп, біресе "Жазира қайтыс болды" деп, біресе қылмыскердің суретімен бірге монтаж жасап, өтірік ақпарат таратып жатқан парақшаларды, сайттарды сотқа береміз деп шештік. 1 күн уақыт береміз өшіруге. Менің инстадостарыма өтініш. Мен туралы жалған ақпарат таратып жатқандарды көріп қалсаңыздар сіздер де ескерте жүріңіздерші оларға”, – деп жазды өнер иесі. 



Желі қолданушылары сүйікті әншілерін қолдап, түрлі пікір жазып жатыр. 

“Күйеуімізден таяқ жедік” деген жазбаңызды оқығанмын”, “Жазира қайтыс болды” деген ақпаратты бүгін таңертең оқып едім”, “Дұрыс айтасыз, жалған ақпарат таратқандар жауап беруі керек”, “Жазира мен Жанболат – қазақтың мақтанышына айналған адамдар”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Еске салайық, Жазира Байырбекова "Әйелдің көңілі ақшада емес" деп, ер-азаматтарға кеңес бергенін жазған едік. 

Талқылау