086 және 083 медициналық анықтамаларын алу жеңілдетіледі
Елімізде медициналық анықтама алу жүйесі жеңілдетілмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабардар етті.
"Енді жұмысқа алу және оқуға қабылдау кезінде 086У анықтамасын алу үшін бірнеше дәрігерге бару жүйесіне өзгеріс енгізіледі. Барлық дәрігерлердің кабинеттері арасында жүгіріп жүрудің маңызы жоқ. Оның үстіне бұл медициналық санитарияға қарсы әрекет", - дейді Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Айнур Айыпханова.
Енді медициналық тексеру үш кезеңнен тұратын болады:
- жергілікті жалпы тәжірибелік дәрігердің немесе жалпы практиктің кеңесі;
- психиатр-наркологтың кеңесі;
- флюрография;
"Дәрігер кез келген ауруға байланысты күдіктенер болса, басқа дәрігерлердің тексеруін жүргізе алады. Бірқатар жағдайларда 086У анықтамасына оншақты дәрігердің қолдары мен мөрлері негізсіз болды", - деді Айыпханова.
Көлік құралдарын жүргізу құқығына және қару алып жүру құқығына ие болу үшін 083 нысанындағы медициналық тексерістен өту процесі де өзгереді.
"Екі жағдайда да жеті дәрігердің орнына үш дәрігерге ғана қаралатын етіп жүйені өзгерттік. Жаңа өзгерістер әділет министрлігінде тексеріліп, сол жерде түзетулер енгізілуіне байланысты бір-үш айдан кейін қолданысқа енгізіледі", - деді Айнұр Айыпханова.