Космосқа ұшамын деп шешім қабылдаған миллиардер бизнесін қалдырып кеткен
Космосқа ұшамын деп шешім қабылдаған миллиардер бизнесін қалдырып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап.

Жапондық миллиардер Юсаку Маезава Zozo киім-кешек, аяқ киім және аксессуарлардың интернет-дүкендеріндегі үлесін сатуға келісіи берді. Ол өз бизнесін Yahoo Japan-ға сатып, мәміле құны 3,7 млрд долларға бағалаған.
Маезава Zozo-ның 30,4 пайызын сататын болды. Осы уақытқа дейдін оған компанияның 36,8 пайыз үлесі тиесілі болған. Сонымен қатар, келісім бойынша ол компанияның бас директоры қызметінен кетуге мәжбүр болады.
Forbes байлығын 2,2 миллиард долларға бағалайтын Маэдзава - танымал өнер туындыларын жинайтын коллекционер. Мәселен, 2017 жылы ол Жан-Мишель Баскуаттың картинасын 110,5 миллион долларға сатып алды, бұл құны жағынан американдық суретшілердің суреттері үшін рекорд болатын.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті