"Кешірім сұраймын": Ресейлік әнші Алсу Ержан Максим қатысқан "Голос" финалында дауыс "бұрмаланғанын" мойындады

Ресейлік әнші Алсу “До Ре” бағдарламасының эфирінде 2019 жылы қызы Микелла Абрамова “Голос. Дети” шоуында жеңіске жеткеннен кейін туындаған дауға егжей-тегжейлі тоқталды. Өнер иесі финалда дауыс беруге шынымен де біреулердің араласқанын мойындап, бұл оқиғаның артында кім тұрғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әнші сол кезеңді әлі күнге дейін ауыр еске алатынын жасырмады.
“Бұл тақырыптан қашып құтылу мүмкін емес, бәлкім, енді нүкте қоятын уақыт келген шығар. Арада жеті жыл өтсе де, жүрегім әлі ауырады, шынымды айтсам. Мен үшін бұл өте қиын кезең болды, сол эмоциялар мен естеліктерге қайта оралу ауыр”, – деді Алсу.
Өнер иесінің сөзінше, өзі де, қызы да дауыс беруге араласуға қатысы болмаған. Сонымен бірге әнші бұл оқиғаның бастамашысы бұрынғы күйеуі Ян Абрамов болғанын меңзеді.
“Шынында да, “Голос” финалында дауыс беруге араласу болды. Бұған менің де, әсіресе қызым Микелланың да еш қатысы жоқ”, – деді ол.
Алсу жағдайды түсінген сәтте оны тоқтатуға тырысқанын да алға тартты.
“Дауыс беруге араласу болып жатқанын түсінген кезде үйге келіп, күйеуімнің көзіне қарап: “Өтінемін, тоқта! Бұлай жасама!” дедім. Бірақ менің өтінішім еленбеді. Әкесі де қызын жақсы көреді, жақсы болсын деді. Бірақ бәрі осылай болып шықты”, – деді әнші.
Алсу бұл дау кімге әсер етсе, солардың барлығынан кешірім сұрады.
“Мен арнадан және балалар “Голосының” барлық қатысушысынан кешірім сұрағым келеді. Бірақ сеніңіздер, бұл жерде менің де, Микелланың да кінәсі жоқ”, – деді ол бағдарлама эфирінде.
ОқыңызЕске салайық, шоу финалына қатысты дау 2019 жылғы көктемде шыққан еді. Сол кезде жобаның жеңімпазы Микелла Абрамова атанып, 11 жастағы қазақстандық орындаушы Ержан Максим екінші орын алды. Көптеген көрермен нәтижені әділетсіз деп санап, дауыстар қолдан көбейтілді деп күдіктенген.
Финалдан кейін бұл жағдайды шоу-бизнес өкілдері де ашық талқылады. Сол кезде Димаш Құдайберген Ержан Максимді қолдап, бірінші орынды қыз балаға беру – “нағыз жігіттің ісі” деп жазған еді.
Кейін Бірінші арна дауыс беру нәтижелерін тексерістен соң жойды. Артынша Константин Эрнст маусымның барлық финалисін, соның ішінде Ержан Максим мен Микелла Абрамованы да жеңімпаз деп жариялады.
Алматы әкімдігі халықаралық көрмелерге қатысу үшін 1 миллиард теңге жұмсамақ