"Бұл түсім бе өзі": Қазақстандық суретші Николь Шерзингер мен Тимбалэндке өз туындысын тарту етті

Көпшілікке Ассоль лақап атымен танымал алматылық суретші Әсел Сабыржанқызы әлемдік әншілер Николь Шерзингер, Тимбалэнд және Кери Хилсонға өз туындыларын сыйлады. Суретші әлеуметтік желідегі парақшасында бірқатар видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер суретін алдымен Кери Хилсонға сыйлаған. Кадрлардан әншінің таңданысын бірден байқауға болады, ол таңғалып, өзінің портреті салынған кілемді ұстап көріп, бірнеше сұрақ қояды.
“Кери ханым ұшып келе салысымен оны осындай сыйлық күтіп тұрды! Ол өте мейірімді, стильді, сұлу әрі сүйкімді екен. Сөйтсем, ол менің видеомды көріп үлгеріпті, тіпті оны өз сторисіне де салып қойыпты”, – деп жазды Ассоль.
Тарту алған екінші әртіс – Николь Шерзингер. Видеода Әсел Сабырданқызы эмоциясын жасырмай, әлемдік деңгейдегі әншіге өз туындысын табыстайтынына қуанышын жасырмады.
“Мен Николь Шерзингерге картина сыйладым. Бұл түсім бе өзі? Ол керемет жан екен: мейірімді, ашық, өте сұлу! Ол мені құшақтады. Ағылшын тілімнің деңгейі барлық ойымды жеткізіп, онымен еркін сөйлесуге мүмкіндік бермегені өкінішті. Ал мен оған жаңа картина салып үлгердім”, – деп жазды блогер.
Ал Николь Шерзингер қазақстандық суретшіні құшақтап, ерекше алғысын білдірді.
Әсел Сабыржанқызы Тимбалэндке де сурет сыйлады. Продюсер бірден суретшімен естелік суретке түсіп, туындыны қабыл алды.
“Ол шаршап тұрса да, менімен суретке түсіп, сыйлығымды қабыл алғанына өте қуаныштымын. Бұрын оларды MTV-дан көретін едім, ал қазір ол менімен таныс”, – деп жазды блогер.
Еске салайық, бұған дейін Әсел Сабыржанқызы америкалық жұлдыз Джей Лоға да туындысын сыйлаған еді. Кейірінек әлемдік әнші Қазақстаннан алып кеткен сыйлықтарын жеке парақшасында көрсеткен еді.
"Ағаш сындырып, от жаққан, пиротехника атқан": Алматылықтар Бұтақты мен Көкжайлаудағы күл мен қоқысқа шағымданды
Оқыңыз