Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжан президенті Олжас Сүлейменовті мерейлі 90 жасымен құттықтады

Ильхам Әлиев Олжас Сүлейменов
Фото: Ақорда/Алиф ТВ видеосынан скрин

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қазақстандық ақын Олжас Сүлейменовті 90 жасымен құттықтап, оны "түркі әлемінің көрнекті тұлғаларының бірі" деп атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әзірбайжан басшысы қазақстандық ақын, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы түркі халықтарының мәдени мұрасының маңызды бөлігіне айналғанын атап өтті.

"Сіз ұлы ақын, публицист, әдебиеттанушы әрі зерттеуші ретінде түркі әлемінің көрнекті тұлғаларының бірісіз", – делінген құттықтауда.

Алиев ақынның шығармалары әрдайым азаматтық ұстанымымен, терең мазмұнымен және ұлттық құндылықтарға деген құрметімен ерекшеленетінін айтты. Сондай-ақ ол Сүлейменовтің түркі халықтары арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

"Сіздің түркі халықтарының ынтымағын күшейтуге және гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге қосқан үлесіңіз орасан", – деді Әлиев.

Сонымен қатар Әзірбайжан президенті Олжас Сүлейменовтің қоғамдық-саяси қызметін және Әзірбайжанға көрсеткен қолдауын еске алды.

"Өткен ғасырдың 80-жылдарынан басталған қоғамдық-саяси қызметіңізді әрдайым ризашылықпен еске аламыз. Сіздің Әзірбайжанның әділ ісін шын жүректен қолдап, біздің Жеңісімізді бүкіл түркі әлемінің тарихи жетістігі деп бағалауыңыз бізге рухани күш береді", — делінген құттықтау хатта.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 18 Мамыр, 2026 13:03