Қазақстанда мейрамхана мен кафелер жаңа нормаларға байланысты жабылу қаупінде тұр

Қазақстандық мейрамхана мен кафе иелер жаңа нормаға қатысты тексерістерден кейін көптеген орындардың жабылып қалуы мүмкінін екеніне алаңдаушылық білдірді. Жаңа санитарлық ережелерде ас мәзірінен бастап, тазалық, су жабдықтары бәрі тексерілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тексеріске байланысты кәсіпкерлер не қымбат модернизацияға қаржы салуға мәжбүр болады. Болмаса оларға кәсіптерін жабуға тура келеді. Қауіп бизнес нысандарының 80 пайызына тиіп тұр. Сол үшін жаңа санитарлық ережелер бизнес өкілдері арасында наразылық туғызды.
Мәжіліс депутаты Олжас Нұралдинов кәсіпкерлердің наурыз айында Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нормаларға шағымданып жатқанын айтты. Шілде айынан бастап фудкорттарды орналастыру, санитарлық аймақтар, сондай-ақ жобалау, желдету, сумен жабдықтау, жарықтандыру және кәріз жүйесіне қойылатын талаптар күшейтіледі. Өзгерістер мәзірге де әсер еткен.
“Бұл талаптар іс жүзінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды едәуір қайта жабдықтауды қажет етуі мүмкін. Кәсіпкерлер не қазір жұмыс істеп тұрған бизнесті қайта жасауға үлкен шығын жұмсайды, не нарықтан кетуге мәжбүр болады. Саланың өз бағалауы бойынша, жұмыс істеп тұрған нысандардың 70–80 пайызы қауіпке ұшырауы мүмкін”, – деді ол.
Рестораторлардың айтуынша, көпшілік орындар бастапқыда ескі стандарттар бойынша салынған жалға алынған ғимараттарда орналасқан. Сондықтан жаңа талаптар болашақ жобаларға көбірек сәйкес келеді. Ал қолданыстағы нысандарда оларды жүзеге асыру қиын.
“Мысалы, егер мекеме бірінші қабатта орналасса, жаңа нормалар бойынша желдету жүйесі шатырдың ең биік нүктесінен жоғары болуы керек. Бұл үшін мекеме тұрғындармен де, КСК және ОСИ-мен де келісуі тиіс. Егер жаңа нормалар қабылданса, бәрі тексерушілердің шешіміне тәуелді болады. Сондықтан рестораторлар мұндай орасан шығынға бармайды деп сенімді айта аламын”, – деді "HORECA Kazakhstan" мейрамхана және қонақүй бизнесі кәсіпорындары қауымдастығының президенті Игорь Копайлов.
Нарық сарапшыларының айтуынша, ең көп зардап шегетін – шағын және орта бизнес: кафе, асханалар мен отбасылық орындар. Олар күрделі қайта жоспарлау жүргізе алмайды немесе инженерлік желілерді толық жаңарта алмайды.
Сонымен қатар, санитарлық қызмет өкілдері қолданыстағы және жаңартылған ережелерді салыстырғанда жаңа талаптардың аса көп емес екенін айтады.
“Іс жүзінде қолданыстағы нысандардың инженерлік желілеріне әсер ететін тек бір ғана өзгеріс енгізілді. Менің ойымша, оны орындау әбден мүмкін. Жалпы алғанда, бұл бұрынғы редакциямен бірдей деуге болады. Қазақстан аумағында бұрын осыған ұқсас талаптармен жұмыс істеген нысандар жабылып қалған жоқ”, – деді "Рудный қалалық СЭКБ" РММ басшысының орынбасары Юлия Бреусова.
Дегенмен, нарық қатысушылары талаптарды іс жүзінде орындау әлі де күрделі әрі қымбат екенін айтады. Рестораторлар Денсаулық сақтау министрлігін бизнестің нақты жағдайларын, әсіресе жалға алынған ғимараттарды ескеруге және өзгерістерді кезең-кезеңімен енгізуге шақырады.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
Оқыңыз