Қазақстандағы екінші АЭС-тің атауы белгілі болды
Фото: freepik.com
Атом энергиясы жөніндегі агенттік басшысы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы екінші атом электр станциясына жұмыс атауы берілгенін мәлімдеді. Қазір станция салынатын үш ықтимал орын қарастырылып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Елде Балқаш көлінің маңында екінші АЭС салу жоспарланып отыр. Оған алдын ала "АЭС Мойынқұм" деген атау берілді.
Қазір станция салынатын үш ықтимал орын қарастырылып жатыр. Бірақ нақты қай жер екені әлі бекітілген жоқ.
Жоспар бойынша, АЭС екі энергоблоктан тұрады. Әрқайсысының қуаты 1200 МВт болады.
Сонымен қатар Қазақстан жобаны жүзеге асыратын технология жеткізушіні анықтау мақсатында халықаралық серіктестермен келіссөз жүргізіп жатыр.
Бұған дейін 2050 жылға қарай Қазақстанда кемінде үш АЭС іске қосылатыны айтылған еді. Сонымен қатар төртінші АЭС салу жобасын жүзеге асыру да қарастырылған.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
