Қарағанды облысында ер адам кек алу үшін қарсыласының көлігіне оқ атқан
Қарағанды облысында ер адам кек алу мақсатында қарсыласының көлігіне оқ атқан деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

30 жастағы ауыл тұрғыны полицейлерге белгісіз біреу үйінің ауласында тұрған көлігіне үш рет оқ атып, қашып кеткенін хабарлады. Жәбірленуші ешқандай жарақат алмаса да көлігіне залал келген.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы азамат ұсталды.
Ұсталған азамат жәбірленушімен бұрын болған кикілжіңнен кек алу мақсатында аңшы мылтығынан оқ атқанын мойындады.
“ҚР ҚК 24-99 “Адам өлтіруге оқталу“ бабымен қылмыстық іс қозғалды. Мылтық тәркіленді. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды”,- деді ведомство.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған