Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ZYN никотин паучтері АҚШ-тағы FDA-дан бірінші болып авторизация алды

Swedish Match, түтінсіз никотин өнімдеріне маманданған швед компаниясы айтарлықтай жетістікке жетті. Олардың ZYN никотин паучтері АҚШ–тың азық-түлік және дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық бақылау басқармасы - Food & Drug Administration (FDA) темекіге зияны азырақ балама ретінде ресми түрде авторизацияланды

Компанияның өнімдерін 2032 жылға дейін сатылымды авторизациялаған реттеуші 330-дан астам зерттеулердің нәтижелері негізінде дәстүрлі темекіден ZYN никотин паучтеріне өту күрделі аурулардың қаупін айтарлықтай төмендететінін дәлелдеді. Мысалы, ZYN пайдаланушыларында өкпе қатерлі ісігі, ауыз қуысының қатерлі ісігі, жүрек-қан тамырлары патологиясы, эмфизема және инсульттың пайда болу ықтималдығы темекі шегушілерге қарағанда айтарлықтай төмен. 

Том Хейс, Swedish Match солтүстік америкалық бөлімшесінің (Филип Моррис Интернешнл – ФМИ еншілес ұйымы) президенті, шамамен 45 миллион американдық никотинге тәуелді екенін айтты. Ал 30 миллион адам темекі шегуді жалғастыруда.

"Біз ZYN сияқты өнімдер зиянды азайтуға көмектесіп қана қоймай, миллиондаған адамдарға сапалы және зияны азырақ балама ұсына алатынына сенімдіміз", – деп белгілеп өтті Хейс.

FDA қазірдің өзінде түтінсіз өнімдерді зияны азырақ деп тану тәжірибесіне ие. Атап айтқанда, бұған дейін осындай мәртебені Филипп Моррис Интернешнл (ФМИ) компаниясының темекіні қыздыру жүйелері ресми түрде алған болатын. Бүгінгі күні FDA темекі және ментол дәмі бар электронды темекілерді қоса алғанда, 34 түтінсіз өнімді мақұлдады. Бұл тауарлардың барлығы токсикологиялық қауіпсіздік пен денсаулық сақтау стандарттарына сәйкестігі үшін қатаң тексеруден өтті. Бұл тәсіл ведомствоның ғылыми талдау мен қоғамдық мүдделерге деген бейілділігін көрсетеді.

2008 жылдан бастап Филип Моррис Интернешнл компаниясы түтінсіз өнімдер саласындағы инновациялық шешімдерді зерттеуге және өндіруге 12,5 миллиард доллардан астам қаражат салды. Бүгінгі таңда оның өнімдері 90 елде қол жетімді. Ал пайдаланушылар саны 36,5 миллион адамнан асты. Бұл деректер темекі шегудің зияны азырақ баламаларына сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді. 

Дегенмен, әлемде мұндай өнімдерді реттеуге деген тәсіл әртект көп. FDA ғылыми негізделген реттеуге бәс тігіп жатқанда, бірқатар елдерде түтінсіз өнімдер нарығын дамыту қиынға соғады. Мысалы, Қазақстанда никотин паучтеріне 2019 жылы тыйым салынды. Бұл өз кезегінде қазақстандық темекі шегушілерді темекіге зияны азырақ баламаларын таңдауда айтарлықтай шектеді.

Зерттеулер көрсеткендей, адамдардың едәуір бөлігі түтінсіз өнімдерді дәстүрлі темекіге теңестіреді. Оларды бірдей зиянды деп санайды. Бұл қате түсінікті түзету үшін FDA Темекі өнімдері орталығымен (CTP) және білім беру жобаларымен айналысатын SmokeFree.gov платформасымен белсенді ынтымақтасады.

"Бұл бағдарламалар темекі шегушілерге өз таңдауының салдарын жақсырақ түсінуге және саналы шешім қабылдауға көмектесе отырып, баламалы никотин өнімдерінің қауіптері мен артықшылықтары туралы толық және объективті ақпарат береді", – деп белгіленеді FDA материалдарында.

Сонымен қатар, Филип Моррис Интернешнл жауапты маркетинг принциптерін ұстанады. Барлық жарнамалық науқандар тек 21 жастан асқан аудиторияға бағытталған. Сонымен қатар, компания өзінің промо-материалдарынан 35 жасқа дейінгі танымал инфлюенсерлер мен модельдердің қатысуын толығымен алып тастады. Бұл шаралар жастардың никотин өнімдерін тұтынуға тартуды болдырмауға бағытталған.

Осылайша, ZYN никотин паучтерінің FDA сертификациясы - Swedish Match үшін сәттілік қана емес, бұл темекі шегудің зиянын азайтуға бағытталған жаһандық трендтің көрінісі. ZYN-ді мойындау қаупі төмен инновациялық шешімдер стандарттарының деңгейін жоғарылатады. Бұл оларға темекіге зияны азырақ баламаға мүмкіндік береді. 

Талқылау