Жүздеген мың теңге төлеп, байланыссыз қалу: Күмәнді сатушылар ұсынатын арзан смартфондар несімен қауіпті

Көп қазақстандықтар смартфонды "көлеңкелі" сатушылардан алғысы келеді. Себебі бағасы арзан, ал құрылғының өзі сырттай түпнұсқамен бірдей көрінеді. Бірақ мұндай сатып алудың артында әрдайым тәуекел бар: кепілдіксіз, тауардың нақты қайдан шыққаны белгісіз және сапасына сенім жоқ. Ал IMEI-верификация жүйесі іске қосылғаннан кейін бұл қауіптер одан әрі күшейді: енді үнемшілдік өте қымбатқа түсуі мүмкін.
Не жағдай болды?
2025 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстанда смартфондар нарығындағы ережелер өзгерді. Цифрлық даму министрлігі азаматтар заңсыз әкелінген құрылғыларды сатып алмас үшін IMEI-верификация жүйесін іске қосты.
IMEI (International Mobile Equipment Identity) – смартфонның бірегей сәйкестендіру нөмірі. Оны құрылғының "цифрлық құжаты" деуге болады. Ол телефонның қайдан шыққанын анықтауға және оның халықаралық бұғаттау тізімінде бар-жоғын тексеруге мүмкіндік береді. Осы нөмір арқылы құрылғының елге заңды түрде әкелінгені және желіде толық жұмыс істей алатыны анықталады.
Енді әрбір смартфон тексерістен өтеді: верификациядан сәтті өткен құрылғылар еш шектеусіз жұмыс істейді. Ал қандай да бір себеппен тексерістен өтпеген смартфондарға қосымша растау талап етілмек. Ал елеулі заңбұзушылықтар анықталған жағдайда пайдаланушылар ұялы байланыссыз қалу қаупіне тап болады.
Сондықтан интернеттегі кездейсоқ сатушылардан телефон сатып алу бұрынғыдан да қауіпті бола түсті.
Сенімсіз дилерлерден смартфон сатып алудың қаупі қандай?
Ең басты қауіп – верификациядан өтпеген немесе елге заңсыз әкелінген құрылғыны сатып алу. Яғни, сіз жүздеген мың теңге төлеп, кейін мобильді желіге қосыла алмай қалатын телефон алуыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда гаджет кей функцияларын сақтағанымен, оны толыққанды телефон ретінде пайдалана алмайсыз.
Қарапайым тілмен айтқанда, сырттай жаңа әрі мінсіз көрінетін смартфон қымбат, бірақ іс жүзінде пайдасыз "құрылғыға" айналуы мүмкін.
Верификация жүйесінің деректеріне сәйкес, құрылғыларды тіркеуден бас тартудың көп бөлігі олардың заңды түрде әкелінгенін растайтын құжаттардың болмауына байланысты.
Сонымен қатар сатып алғаннан кейін клиент қосымша қиындықтарға тап болуы мүмкін. IMEI, кепілдік немесе құрылғының шығу тегі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда көбіне сатушыдан көмек ала алмайсыз.
Қай жерден сатып алған қауіпсіз?
Күтпеген қиындықтардың алдын алудың ең оңай жолы – баршаға белгілі ірі сауда желілерін таңдау.
Бұл – өндірушілермен және ресми жеткізушілермен тікелей жұмыс істейтін, Қазақстан нарығына алдын ала бейімделген құрылғыларды сататын дүкендер мен операторлар. Олардың қатарына iSpace – Apple-дің монобрендтік дүкені және ресми серіктестер: Sulpak, Mechta, Technodom, Evrika, сондай-ақ Freedom Mobile, activ және Beeline Қазақстан кіреді.
Смартфонды ірі сауда желілерінен сатып алудың тағы бір маңызды артықшылығы – сервис пен сатушы жауапкершілігі. Егер құрылғыға, жөндеуге немесе кепілдікке қатысты сұрақтар туындаса, тұтынушы қайда жүгіну керегін нақты біледі.
Сондықтан бір реттік үнем маңызды ма, әлде смартфонның ертең де, бір айдан кейін де, бірнеше жылдан кейін де дұрыс жұмыс істейтініне сенімді болу маңызды ма – осыны ойланған жөн. Оның үстіне, ресми дилерлерден Trade-in немесе бөліп төлеу арқылы тиімді бағамен сатып алуға болады.
Қорытындылай келе, ресми сатушы тек құрылғы емес, тұтынушыға тыныштық сыйлайды. Ал қазіргі нарық жағдайында ҚАУІПСІЗДІК ең маңызды артықшылықтардың біріне айналып отыр.
Жарнама құқығында.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды