11-қабаттан велосипед лақтырған: Астана сәби ғажайыптың күшімен аман қалды (видео)

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан велосипед құлады. Ол құлаған жерде бірнеше секунд бұрын кішкентай бала жүріп өткен еді. Болған жағдай бейнебақылау камерасын түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Еуразия” арнасына сідтеме жасап хабарлайды.
Видео Instagram желісіндегі sergek.kaz парақшасында жариялады. Бейнежазбадан үйдің кіре-берісінден сатыдан баланың түсіп келе жатқанын көруге болады. Бүлдіршін сатыдан түсіп, солға қарай бұрылып кетті. Артынша бірнеше секундтан кейін дәл сол жерге 11-қабаттан велосипед құлды. Куәгерлердің айтуынша, велосипед 11-қабаттан құлаған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Полиция өкілдері болған жағдайға үш кәмелет жасқа толмаған баланың қатысы бар болуы мүмкін екенін айтты. Жасөспірімдер велосипедті ауладан тауып алған. Онымен ойнап болған соң оны 11-қабатқа көтеріп, биіктен лақтырған.
Ведомстводағылар велосипедті лақтырған кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерін анықтаған.
"Полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған баланың заңды өкілдерін анықтады. Оларға қатысты баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", – деп мәлімдеді ведомство.
Қалған екі балалармен профилактикалық жұмыстар жүргізілген.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Оқыңыз