Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Air Astana-ның бұрынғы басшысы Питер Фостер жаңа қызметке тағайындалды

Питер Фостер
Фото: Air Astana

Қазақстандық жүк әуе компаниясы Alatau Air Cargo директорлар кеңесінің құрамын жаңартты. Air Astana-ның экс-басшысы Питер Фостер тәуелсіз директор болып сайланса, кеңесті компанияның ірі акционері Тимур Турлов басқаратын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандағы жүк әуе тасымалдаушысы Alatau Air Cargo компаниясында кадрлық өзгерістер болды. Бұрынғы Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер компанияның тәуелсіз директоры болып сайланды.

Компания акционерлері директорлар кеңесінің құрамын жаңарту туралы шешім қабылдады. 2026 жылғы 30 қаңтарда бекітілген бұрынғы құрамның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады. 

Жаңартылған директорлар кеңесінің төрағасы болып кәсіпкер Тимур Турлов тағайындалды. Ол Alatau Air Cargo компаниясының ірі үлесіне ие.

Директорлар кеңесінің жаңа құрамына:

  • Питер Фостер – тәуелсіз директор;
  • Ерлан Қойшыбаев – директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Сергей Швалов – директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Айбек Қапар – директорлар кеңесінің мүшесі;
  • Сергей Анашкин – тәуелсіз директор болып енді.

Осылайша, Alatau Air Cargo компаниясы директорлар кеңесінің құрамын толық жаңартып, оған авиация саласындағы тәжірибелі мамандар мен тәуелсіз директорларды тартты.

Еске салайық, Питер Фостер 2005 жылдан бері Air Astana компаниясын басқарып келген. Оның жетекшілігімен әуе тасымалдаушы Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші авиакомпаниялардың біріне айналды. 2025 жылдың қазанында компания Фостердің 2026 жылғы наурызда бас директор қызметінен кететінін хабарлаған болатын. Ол кейін Air Astana-да аға кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады. Оның орнына компанияның қаржы директоры Ибрахим Жанлыел тағайындалған.

Айым Атамбаева
Сәрсенбі, 17 Маусым, 2026 14:45