Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Ботагөз Омарова  ісі тоқтады
Фото: Жеке мұрағаттан

Журналисттің адвокаты Толқын Әбілова Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, барлық шектеулер алынғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Адвокаттың айтуынша, істі тоқтату туралы қаулы прокурормен келісілген, сондай-ақ үйқамақ та күшін жойған.

Еске салайық, наурыз айында Омарова "жалған ақпарат тарату" бабы бойынша тергеу аясында полицияға шақырылған еді. Кейін оның мәртебесі күдіктіге өзгертіліп, журналист үйқамаққа алынған. 13 мамырда Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Омароваға қатысты тергеу аяқталып, іс жақын арада сотқа жолданатынын айтқан болатын.

22 мамырға қараған түні журналист Ботагөз Омарова "ВД Строй-Инжиниринг" компаниясы туралы бұрын жариялаған ақпаратын жоққа шығарды. Ол бұған дейін компанияның Астанадағы ат спорты кешенінің құрылысы кезінде мердігерлерге қарыз екені жайлы таратқан мәліметі шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Stan.kz
Жұма, 22 Мамыр, 2026 11:41