Алматыда терезе алдында отырған 5 жасар баланы құтқарушылар аман алып қалды
Алматыда алтыншы қабаттың терезесінде отырған кішкентай баланы құтқарушылар дер кезінде құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыда Алатау ауданындағы Мәдениет ықшам ауданында алты қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезесінде кішкентай бала отырған. Құтқарушыларға оның құлап кету қаупі бар екені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, автосатының көмегімен баланы құтқарып алды. Оқиға кезінде пәтердің есігі құлыптаулы болған, ал ата-анасы үйде болмаған.
Шамамен 5 жастағы құтқарылған бала полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
Онда СПЧ-19 бірінші қарауылының қызметкерлері болды:
- Аға өрт сөндіруші Нұрпейісов Сұлтан Серікұлы – азаматтық қорғау сержанты, азаматтық қорғау органдарында 6 жылдан бері қызмет етеді;
- Өрт сөндіру автосатысының аға нұсқаушысы Кенже Дәулет Нәсіпұлы – азаматтық қорғау старшинасы, 2016 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарады.
Ол баланы құтқару үшін автосатының жебесін көтерді.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"