Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты бойынша іс сотқа жолданды

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы резонанс тудырған түнгі жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс материалдары сот қарауына жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты қаза тапқан 29 жастағы Mercedes жүргізушісінің туыстарының заңды мүддесін қорғайтын адвокат Олег Чернов мәлімдеді.
Алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Алматыда 21 наурызға қараған түні жантүршігерлік жол апатынан Mercedes жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жас жолаушы қыз қаза тапты. Тергеу нұсқасы бойынша, Zeekr жүргізушісі басқа көлікпен бірге көше жарысына қатысқан. Кейін апатқа кінәлі жүргізушінің Zeekr көлігін басқарғаны және жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Тергеу аясында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, полиция департаментінің бірнеше жоғары лауазымды қызметкері қызметінен босатылды.
Дегенмен қоғамда резонанс тудырған істен соң Ішкі істер министрлігі Ержан Сәденов лауазымы, байланыстарына қарамай кінәлілер жазадан құтыла алмайтынын мәлімдеді.