Алматы облысында жол бойында жайылып жүрген "зебралардың" видеосы жұртты таңдандырды

Алматы облысындағы Түрген шатқалында зебраға өте ұқсас, бірақ бұл өңірде кездеспейтін екі жануардың жайылып жүргені түсірілген видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ерекше жануарлардың видеосы әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті.
"Түрген маңында жолдан жүгіріп өтіп бара жатқан екі зебра көрдім. Таңданысымда шек болмады", – дейді видео авторы.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Түрген шатқалындағы Асы үстірті бағытына апаратын жол бойында жүрген жануарлардың иесі анықталған.
ОқыңызЖануарлардың иесінің айтуынша, ол демалыс аймағына турист тарту үшін ақ есектерді бояп, уақытша зебра бейнесіне келтірілген.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жануарлардың өмірі мен денсаулығына қауіп анықталған жоқ. Сонымен қатар полиция қызметкерлері болған оқиғаға құқықтық баға беру және жануарларға қатысты нормалардың сақталуын тексеру мақсатында тергеу жүргізіп жатыр", – деп делінген полиция хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жануарларға қатыгездік көрсеткендерге бас бостандығынан айыру жазасы енгізілетіні туралы жазған едік.