Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атышулы Қуат Хамитов Атырауда айыппұл арқалады (видео)

Жол және көлік
Фото: Видеодан скрин

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың Атырауда айыппұл арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қуат Хамитов Атырауға 23 мамырда өтетін турнир үшін келген.

Турнир ұйымдастырушыларының Instagram парақшасында Қуат Хамитовтың Атырауға келу сәті түсірілген видео жарияланды. Кадрларда облыстық академиялық драма театрының актрисасы жолда қозғалып келе жатқан көліктен басын шығарып, спортшымен сәлемдеседі. Ал Қуат Хамитов көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай басқарып келе жатқанын байқауға болады. 

Видео әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп, полицияның да назарын аударды.

Атырау облыстық полиция департаменті жол ережесін бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылғанын хабарлады.

"Тексеру нәтижесінде 24 және 22 жастағы Toyota Camry автокөлігінің жолаушылары қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны және көліктің терезесінен денесін шығарғаны анықталды. Аталған құқық бұзушылықтары үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар көрсетілген заңсыз әрекеттерге жол берген 20 жастағы жүргізуші де әкімшілік жауапқа тартылды. Сондай-ақ 38 жастағы Mustang автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік белдігін тақпай көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада "Бәйтерек" маңында шампан шашып, видео түсірген блогер айыппұл арқалаған еді.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 21 Мамыр, 2026 21:25