"Ескі Қазақстан сарқыншағы": Депутат Алматыдағы Hilton қонақ үйін әлдекім күштеп басып алмақ ниетте екенін айтты

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи өз сауалын дәл отырыс барысында жазғанын айтты. Оның сөзінше, қазір Алматыда Hilton қонақүйін күшпен басып алу әрекеті болып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутfт бұл әрекеттің артында ескі Қазақстанның сарқыншағы тұрғанын айтты.
“Алматы қаласында заңсыз сот орындаушысының шешімі негізінде Hilton қонақүйін күшпен басып алу әрекеті жүріп жатыр. Мүлік заңды иелерінен тартып алынуда. Бұл қонақүйде шамамен 250 адам жұмыс істейді. Мұның бәрі қонақүйде тұрып жатқан шетелдік қонақтардың көз алдында болып жатыр. Менің депутаттық сауал жазуыма осы жағдай себеп болды. Бұл әрекеттердің артында Ескі Қазақстанның сарқыншағы тұр. Бұл өзгенің мүлкін заңсыз, әділетсіз әрі еркін тартып алу. Осыдан төрт жыл бұрын Қайрат Сатыбалды бұл қонақүйді басып алғаны туралы депутаттық сауал жолдаған едім. Бірақ мемлекеттік органдардан нақты жауап алмадым”, – деді Ермұрат Бәпи.
ОқыңызОл Қайрат Сатыбалды түрмеден шыққан соң мемлекетке бірнеше активті қайтарғанын, олардың қатарында Hilton қонақүйі де болғанын айтты.
“Оның адамдары түрлі айла-шарғылар арқылы Hilton-ды әртүрлі компаниялардың атына рәсімдеген. Енді түрлі тәсілдермен қонақүйді қайта басып алып, Мемлекеттік кірістер комитеті арқылы аукционға шығарып отыр”, – деді депутат.
Бәпидің айтуынша, Активтерді қайтару жөніндегі комиссия қонақүйді 4,5 миллиард теңгеге бағалаған. Ал оның нарықтағы құны шамамен 12 миллиард теңге. Депутат мүлік әдейі арзан бағаланғанын мәлімдеді.
"Осы қылмыстың құрамын тексеруді және мемлекет басшысы айтып жүрген Әділетті Қазақстан қағидаттарын ескеруді сұраймын. Осы әділетсіздікке қатысты депутаттық сауалым президентке дейін жетеді деп үміттенемін", – деді Ермұрат Бәпи.
Айта кетейік, бұған дейін Ермұрат Бәпи Назарбаева мен "Ескі Қазақстанды" сағынғандарды тексеруге шақырған еді.
"1 миллион теңге талап еткен": Топ болып қыз зорлағаны үшін 15 жылға сотталған жігіттердің жақындары сот шешіміне қарсы шықты