Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық қыз жаяу жүргіншілер өткелінде акробатикалық трюк жасағаны үшін сотқа тартылды

акробатикалық трюк
Фото: Видеодан скриншот

Павлодар тұрғыны жаяу жүргіншілер өткелінде акробатикалық трюк жасағаннан кейін сотқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көшеде акробатикалық трюк жасаған қыздың ісі әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі” Ұсақ бұзақылық” бойынша сараланды.

 Мұндай трюк қоғамдық тәртіпті бұзу және жол инфрақұрылымын дұрыс пайдаланбау деп танылды.

Сонымен қатар сот жеңілдететін мән-жайларды ескерді. Қыз кінәсін мойындады, бұрын сотты болмаған және ешқандай оның әрекеті зиян немесе салдар тіркелмеген.

Ақырында, ол әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, тек ауызша ескерту алды. Іс тоқтатылды, ал шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 22 Мамыр, 2026 08:52