Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жол ортасында қауіпті трюк жасаған алматылық жауапқа тартылды (видео)

Алматыда жол ортасында сальто жасаған азамат екінші рет жауапқа тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы көшелерінің бірінде жас жігіт қауіпті трюк жасады. Кадрлардан оның жолдың бір бетінен екінші бетіне сальто жасап өткенін көруге болады.

Жігіттің видеосын Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов өзінің Instagram парақшасында жариялап, пікір білдірді. 

Бұған дейін видеодағы жас жігіт ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлігі (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiкті басқару) және 593-баптың 2-бөлігі (қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) бойынша әкімшілік жауапқа тартылған болатын.


Алматыда жүріп бара жатқан көліктен түсіп, трюк жасаған азамат жазаланды (видео)


"Бұл жолы жолаушы орнында отырған ол көше қиылысында тоқтап тұрған көліктен атып шығып жолдың бір бетінен екінші бетіне сальто жасап өтті. Кейін жолдан қайта өтіп, көлікке оралды. Алматылық екінші рет жол ережесін бұзғаны үшін ӘҚБтК 615-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды", – деп жазды Рүстем Әбдірахманов.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 14 Қазан, 2021 09:48
Талқылау