Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жүріп бара жатқан көліктен түсіп, трюк жасаған азамат жазаланды (видео)

Алматыда TikTok үшін автокөлікпен қауіпті трюк жасаған 27 жастағы жігіт жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлеуметтік желілерде азаматтың акробатикалық трюк жасаған видеосы таралған. Кадрда ол жүріп бара жатқан көліктен шығып, трюк жасап, қайтадан рөлге отырады.

"Жақында Instagram қолданушылары осы видеоға бізді белгіледі. Біз тексеріп, құқықбұзушыны анықтадық. Көлік маркасы Toyota 4Runner, GRNZ 509 JRA 02. Тексеру жүргізіп, құқық бұзушыны анықтадық – ол 1994 жылы туған О. деген азамат болып шықты. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлігі (мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiкті басқару) және 593-баптың 2-бөлігі (қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) бойынша әкімшілік жауапқа тартылды", – деп хабарлады Әбдірахманов.

Бірінші бап бойынша 10АЕК (29 170 теңге) мөлшерінде,  екінші бап бойынша 5АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

 

Талқылау