“ENVIDA AI” пирамидасын ұйымдастырғандар 370 қазақстандықты WhatsApp арқылы тартқан

Жамбыл облысында "ENVIDA AI" қаржы пирамидасына тергеу жүріп жатыр. Пирамида халыққа күн сайын пассивті табысты уәде етіп, WhatsApp-та арнайы топтар ашып, салымшылар тартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қазір бұл пирамиданы құру және оған жетекшілік ету фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізуде
“Тергеу амалдарына сай, жоба ұйымдастырушылары WhatsApp мессенджері арқылы "Еnvida ai ежедневный пассивный доход" және "Еnvida ai супер новый проект ежедневный пассивный доход" атауымен топтар құрып, азаматтарды тұрақты жоғары табысқа уәде беру арқылы тартқан.
Жобаның маркетингтік моделі көпдеңгейлі жүйеге құрылған. Негізгі табыс жаңа салымшыларды тарту есебінен қалыптасып отырған. Жоба өзін нақты активтерге инвестиция салатын халықаралық экожүйе ретінде таныстырған”, – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, қаржы пирамидасына 370-тен астам салымшы тартылған. Олар еліміздің алты өңірін қамтиды:
Оқыңыз- Ақтөбе;
- Атырау;
- Қызылорда;
- Павлодар;
- Түркістан облыстары;
- Алматы қаласы.
Тергеп-тексеру жалғасуда. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.