Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Жүр, саған сақина беремін”: Ақтөбеде әйел аулада ойнап жүрген қызды ұрлап кетпек болған (видео)

Көшедегі адамдар
Фото: Видеодан скрин

Ақтөбеде әйел кішкентай қызды ұрлауға әрекет жасады деген күдікпен ұсталды. Оқиға күндіз қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Куәгерлердің айтуынша, белгісіз әйел Есет батыр ауданындағы тұрғын үйдің ауласында ойнап жүрген баланы алып кетпек болған.

"Аулада ойнап жүрген кішкентай қызды белгісіз бойжеткен өзімен бірге жүруге шақырды. Ол “жүр, саған сақина беремін” деп алдап, қызды ертіп кетпек болды. Сонымен қатар әйел баладан сырғасы бар-жоғын да сұрады. Бала барғысы келмегеніне қарамастан, қыз оны көндіре бастады. Сәті түскен кезде бала қашып кетіп, дүкенге кіріп тығылды", – дейді куәгерлердің бірі.

Оқиға дүкендердің біріндегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Видеодан әйелдің кішкентай қызды өзімен бірге ертіп бара жатқанын, артынша кішкентай бүлдіршіннің қашып бара жатқанын көруге болады. Ал күдікті әйел бүлдіршіннің артынан қуалаған.

Тұрғындар полиция шақырып, учаскелік инспекторға жүгінген.

Күдікті әйел
Фото: diapazon.kz

Полиция күдіктінің жеке басын анықтап, оны полиция бөліміне жеткізген.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті ақпаратты растап, оқиғаның мән-жайды анықталып жатқанын хабарлады. 

"Қазір оның қатысуымен қажетті процессуалдық әрекеттер жүргізілуде, оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, заң аясында тиісті процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады полиция департаменті.

Дана Русланқызы
Жұма, 24 Сәуір, 2026 19:51