Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 3-жетілу деңгейі ресми түрде берілді

Ақордадағы кездесу
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустың Мемлекет басшысына сапары барысында Қазақстанның ДДҰ-мен ынтымақтастығының сапалы жаңа деңгейі атап өтілді.  

Ел Президентінің тұрақты қолдауының арқасында денсаулық сақтауды жаңғырту, кадр саясатын нығайту, барлық деңгейлерде инновацияларды енгізу бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

Халықаралық сарапшылар дәрілік нарықты реттеудің ұлттық жүйесін жоғары бағалағаны ерекше маңызды. Қазақстанға ДДҰ-ның 3-ші жетілу деңгейі ресми түрде берілді – бұл дәрілік заттардың айналымын бақылаудың сенімділігін, ашықтығын және тиімділігін мойындау.

Біз ТМД-да бірінші және ДДҰ-ның еуропалық өңірінде осындай деңгейге жеткен төртінші ел болдық. Бұл дәйекті саясаттың, халықаралық стандарттарды енгізудің және фармакологиялық қадағалауды күшейтудің нәтижесі.

Ақмарал Әлназарова
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Кездесу барысында одан әрі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары да белгіленді:

  • климат және денсаулық саласындағы бірлескен зерттеулер;
  • денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау;
  • медициналық практикаға жасанды интеллект енгізу.

Қазақстанның экологиялық және су қауіпсіздігі саласындағы бастамаларын қолдау ерекше атап өтілді - бұл бүгінгі таңда ұлт денсаулығы орнықты дамудың жаһандық контекстінде қаралып жатқанын растайды.

Алда – шешімдерді масштабтау, инновациялық технологиялардың қолжетімділігін арттыру және денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді одан әрі нығайту міндеттері тұр.

Дана Русланқызы
Жұма, 24 Сәуір, 2026 18:59